Мексикалықтар Рим Папасына өкпелі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексикалықтар Рим Папасына өкпелі

Мексикалықтар Рим Папасына өкпелі

 Мексика Үкіметі Рим папасы Францисктің БАҚ-та жарияланған сөзі үшін Ватиканға шағым түсірмек, деп хабарлады ВВС. 

  • 25 Ақпан 2015
  • 271
Фото - Caravan.kz

Мексика Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, понтифик отандасы аргентиналық саясаткерге хат жолдап, еліндегі нашақорлықтың өршіп бара жатқанына алаңдауышылық танытқан. Рим папасы Аргентинадағы есірткі саудасын Мексикамен байланыстырып, «елімнің «мексикалануынан» қорқамын деген.

Алайда, Ватикан Францисктің сөзін растаудан да, жоққа шығарудан да бас тартып отыр.


Мексиканың Сыртқы істер министрі Хосе Антонио Мид Рим папасы осы сөзімен Мексика атына кір келтірді деп мәлімдеді.