деп комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет ата-ананың діни көзқарасына негізделген бала тәрбиесіне кедергі келтірмейді. Дегенмен өзінің діни ұстанымы бойынша Конституцияда қаралған міндетін орындаудан бас тартуға ешкімнің құқығы жоқ», — делінген хабарламада.
«Оқушылар қандай да бір сылтаумен, оның ішінде діни ұстанымы бойынша сабақтан қалмауы керек. Білім алушы жастар еліміздің маңызды құрамдас бөлігі, олар алған жақсы білімінің арқасында қоғамға барынша пайда тигізеді», — делінген хабарламада.
Оның үстіне, неке және отбасы туралы кодекстің 70-бабына сәйкес, ата-аналар баланың міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Мұнымен қатар, «Білім беру туралы» заңның 49-бабында ата-ананың балаларының оқу мекемесінде сабаққа баруын қамтамасыз ету міндеті бекітілген.