Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған ресми сайт іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған ресми сайт іске қосылды

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған ресми сайт іске қосылды

Отан қорғаушылар күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған ресми сайт may9.ru (май9.рф) іске қосылды.

  • 25 Ақпан 2015
  • 332
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы мерейтойды медиалық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру комитеті хабарлады.
«Сайтқа кірушілер Жеңіс символына айналған негізгі ән үшін дауыс бере алады. Сонымен қатар, соғыс заманындағы сүйікті киноларын тамашалайды. Ал, 9-мамырда Ресейдің 14 қаласында өткен Жеңіс парадын онлайн режимі арқылы тамашалай алады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, пайдаланушылар мұрағаттағы фотосуреттерді, Ұлы Отан соғысының кинохроникасын көріп, Кеңестік ақпарат бюросының 1945 жылғы жаңалықтарын тыңдай алады.
Ал, БАҚ өкілдері үшін іске қосылған press.may9.ru сайтында наурыздың он бесінен бастап РФ президентінің қатысуымен өтетін мерекелік шараларға аккредитациялау жүргізіледі.