Депутаттар екпені ата-ананың рұқсатынан кейін салуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар екпені ата-ананың  рұқсатынан кейін салуды талап етті

Депутаттар екпені ата-ананың рұқсатынан кейін салуды талап етті

Вакцина дауы Мәжіліске жетті. Депутаттар дәрігерлерден  балаларға екпе салмас бұрын, ата-анасынан жазбаша рұқсат сұрауды талап етде. Тіпті вакцинаны салдыру-салдырмауды әркім өзі шешуі керек деп отыр.

  • 26 Ақпан 2015
  • 320
Фото - Caravan.kz

Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:

-Алдымен жұртқа түсіндіру керек еді. Енді Үкіметтен ата-аналардың жазбаша рұқсатымен ғана балаларға екпе салуды сұрап отырмыз. Өйткені, бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы Денсаулық сақтау департаменті Үндістаннан сатып алынған вакциналардың сапасы сын көтермейтінін анықтап отыр.

Дәл осы күмәнді вакцинадан соң еліміздің бірнеше облысында мектеп оқушылары жаппай есінен танып ауруханадан бір-ақ шыққан болатын. Әсіресе, Маңғыстаудағы ахуал күрделі. Ал Шымкентте күні кеше осы екпеден кейін 15 жастағы оқушы көз жұмған. Дәрігерлер болса, алдын-ала ешкімнің денсаулығын тексермегенін мойындап отыр. Бірақ бар пәлені шетелдік препаратқа емес, жұқпалы инфекцияға жауып ақталуда. Үндістанда жасалған препаратқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да шаң жуытпады. Қызылшаға қарсы бұл вакцинаны әлем елдері он жылдан бері пайдаланып келеді, әрі талай адамның өмірін сақтап қалды дейді олар.

Роб Батлер, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі:

-Вакцинаны миллиондаған адам қабылдады. Сапасына күмәнданатындай себеп жоқ. Зерттеудің алғашқы қорытындысына сүйенсек, балалардың екпеден кейін бас ауырып, өздерін әлсіз сезінген. Бұл кез-келген екпеден соң болатын қалыпты жағдай.