Лондондағы қазақстандық-британдық іскерлік кездесулер барысында Қазақстанның машинажасау одағы басқармасының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев Ұлыбританияның машинажасау технологиялары қауымдастығының вице-президенті Гай Моллартпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Аталған меморандум екі елдің машина жасаушыларының өндірісті роботтандыруда, компьютерлік жобалауда, металл өңдеудің заманауи жүйелерін пайдалануда, заманауи технологиялық жабдықтар мен станоктар өндірісіндегі ынтымақтастығының негіздерін айқындайды.
Шараның қорытындыларын шығара отырып, тараптар аталған ынтымақтастықты іске асырудың екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті.