Қазақстандықтардың басым бөлігі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге қарсы – сауалнама - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың басым бөлігі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге қарсы – сауалнама

Қазақстандықтардың басым бөлігі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге қарсы – сауалнама

MediaNet орталығы жанындағы экспресс-мониторинг бюросы жүргізген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, Қазақстан азаматтарының 70 пайыздан астамы мектептердің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуіне қарсы.

  • 26 Ақпан 2015
  • 3022
Фото - Caravan.kz


«12 жылдық білім беру жүйесіне көшу идеясы қазақстандықтар тарапынан қолдау»таппай отыр. Мәселен, респонденттердің 73 пайызы 12 жылдық жүйенің мүлдем қажеті жоқ деп есептейді. Себебі, ол мемлекеттің шығынын арттырады және білім сапасын жақсарта алмайды», — делінген сауалнама нәтижесі бойынша дайындалған хабарламада.
Сауалнамаға қатысқандардың 17 пайызы бұған қарама-қайшы пікірде.
Әлеуметтік зерттеу барысында респонденттерге орта білім беру жүйесін жетілдіру процесінде неге баса мән беру керек деген сауал қойылған. «Респонденттердің 37 пайызы педагогтардың сапасын жақсарту қажет деп есептесе, 22 пайызы оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету керек деген пікірде. 10 пайызы кәсіптік-бағдарлау жүйесін жетілдіру арқылы ғана білім сапасын көтеруге болады деп есептейді», — делінген хабарламада.
Тек 8 пайызыың пікірі «орта білімді ақпараттандыру және электронды оқыту жүйесін енгізу арқылы ғана» сапалы білім беруге болады дегенге саяды.
Сауалнамаға қатысқандардың 11 пайызы еліміздегі білім беру деңгейіне жоғары баға берген. «66 пайызы орташа, 14 пайызы төмен деп есептейді», — делінген орталық мәлімдемесінде.
Респонденттердің 19 пайызының пікірінше, ҰБТ мектеп түлектерінің білімін тексеруге мүмкіндік беретін ең ашық әдіс. Қазақстандықтардың 37 пайызы ҰБТ-ны объективті әдіс деп санамайды. Сұралғандардың 30 пайызын білім саласында қолданылатын жүйе алаңдата қоймайды екен.
Еліміздің 14 облысы, Астана және Алматы қалаларында тұратын 1811 адам қатысқан сауалнама ақпанның 18-і мен 23-і аралығында өткізілді.