ҚР Президентінің сайлауы көптеген мәселелер мен алыпқашпа әңгімелерге тосқауыл болады - Еуропарламент делегациясының басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президентінің сайлауы көптеген мәселелер мен алыпқашпа әңгімелерге тосқауыл болады - Еуропарламент делегациясының басшысы

ҚР Президентінің сайлауы көптеген мәселелер мен алыпқашпа әңгімелерге тосқауыл болады - Еуропарламент делегациясының басшысы

ҚР Президентінің сайлауы көптеген мәселелер мен алыпқашпа әңгімелерге тосқауыл болады.

  • 26 Ақпан 2015
  • 552
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық бойынша Еуропалық парламент делегациясының басшысы Ивета Григуле мәлімдеді.

«Қазіргі сәтте түрлі алыпқашпа әңгімелерді болдырмау, елдегі саяси-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін сайлау өткізген орынды шешім деп ойлаймын. Бұл көптеген мәселелер мен алыпқашпа әңгімелерге тосқауыл болып, Қазақстанға экономикалық байланыстар мен экономикалық бағдарламаны барынша жылдам дамытуға мүмкіндік береді», — деп санайды Ивета Григуле.

Саясаткер Еуроодаққа Қазақстандағы тұрақтылықтың сақталғаны, ҚР өзінің бұрынғы бағытында, оның ішінде Еуропамен ынтымақтастыққа бағдарланған ұстанымында қалуы аса маңызды екеніне тоқталды.