Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.
«Сайлау заңы мемлекеттік те, мемлекеттік емес те ақпарат құралдарына сайлауалды үгіт-насихатқа қатысуға мүмкіндік береді. Сайлау заңдарының БАҚ-на қоятын талабы Қазақстан президенттігіне кандидаттардың барлығының оларға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады», — деп ол бүгін президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Президент сайлауы республикалық бюджеттен қаржыландырылады, бюджет қаржысы есебінен мемлекет кепілдігі ретінде кандидаттарға ОСК белгілеген мөлшерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге кететін шығын жартылай жабылады.
Қ.Тұрғанқұлов атап көрсеткендей, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін президенттікке кандидаттар кандидаттың жеке қаржысынан, оны ұсынған қоғамдық бірлестік қаржысынан және азаматтар мен ұйымдардың ерікті құйған қаражатынан сайлау қорын құру құқығы бар.
Кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.