Шымкентте сабақ кезінде оқ атылып, бір оқушы жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте сабақ кезінде оқ атылып, бір оқушы жараланды

Шымкентте сабақ кезінде оқ атылып, бір оқушы жараланды

Шымкенттегі мектептердің бірінде сабақ кезінде оқ атылды. Белгісіз біреу №41 мектеп-лицейдің терезесіне қарай қару кезеген. Қаңғыған оқ 6-шы сынып оқушысын жаралады.

  • 27 Ақпан 2015
  • 243
Фото - Caravan.kz

Калибрі 0,2 милиметрлік оқ терезе тұсында отырған оқушы қыздың қолын тиген. Қайта жарақат ауыр болған жоқ. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген қыз үйіне қайтарылды. Ал шошып қалған оқушылармен мектеп психологы жұмыс жүргізіп жатыр. Қаскөй әлі ұсталған жоқ. Оқ қарама-қарсы орналасқан көпқабатты үйден атылуы мүмкін делінсе де, күдіктілер қатарында мектеп бұзақылары да бар.

6 сынып оқушысы:

— Кенеттен тарс еткен дауысты естіп шошып қалдық. Біреу партаны ұрып қалды ма деп те ойладық. Сөйтсек, терезе сынып жатыр. Ал, еденде темір оқтың жатқанын көрдік. Бәрінен де қолынан жарақат алған қызға обал болды.