Мәдениет министрінің суретін қылмыскермен шатастырған Қырғыз милициясы кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет министрінің суретін қылмыскермен шатастырған Қырғыз милициясы кешірім сұрады

Мәдениет министрінің суретін қылмыскермен шатастырған Қырғыз милициясы кешірім сұрады

Қарапайым тергеудің халықаралық жанжалға ұласатын түрі бар! Қырғыз милициясы аса қауіпті қылмыскерлердің картотекасына біздің Мәдениет министріміздің суретін салып қойған. Мұны естіген Арыстанбек Мұхамедиұлы жағасын ұстап отыр.

  • 27 Ақпан 2015
  • 291
Фото - Caravan.kz

Бұл қылмыс әлемінің серкесі Алманбет Анапияевтің өліміне қатысы қырғыз милициясының жүргізіп жатқан тергеуі. Оқиға куәгерлері қаскөйдің суретін саусақтарын шұқып көрсетуде. Ең қызығы, сол тізімде Қазақстанның Мәдениет министрі басты күдікті Жаныш Бакиевпен қатар тұр. Экс-президент Құрманбек Бакиевтың інісі халықаралық іздеуде екені белгілі. Ал қылмыскерлердің қатарында өзінің қайдан жүргенін Арыстанбек Махамедиұлы түсіне алмай таң. Айтуынша, Қырғызстанға өмірінде бір-ақ рет барыпты. Оның өзінде президент Алмазбек Атамбаевқа құттықтау хат табыс етіп, тез қайтқан. Дегенмен Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Мұхамедиұлынан ресми кешіріп сұрап үлгеріпті.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

-Иә, сурет менікі. Шынын айтқанда, өмірімде бірінші рет осындай "сводкамен" шығып тұрмын. Қырғызстанда еш шатағым жоқ. Қырғызстанда еш болған емеспін. Мына жігіттің аты-жөнін бірінші рет естіп тұрмын. Мүмкін мен енді Мәдениет және спорт министрі болған соң Қазақстанда кім спортқа қатысы бар деп, менікін ала салған шығар.