Ыдыс-аяқ жуатын машина баланың аллергиялық ауруын қоздырады - ғылыми зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ыдыс-аяқ жуатын машина баланың аллергиялық ауруын қоздырады - ғылыми зерттеу

Ыдыс-аяқ жуатын машина баланың аллергиялық ауруын қоздырады - ғылыми зерттеу

 Гетеборг Университетінің ғалымдары Швецияның екі аймағында тұратын 7-8 жасар мыңнан астам баланы арнайы бақылауға алды, деп хабарлады Zee News. 

  • 27 Ақпан 2015
  • 720
Фото - Caravan.kz


Зерттеу алдында балалар қышыма, демікпе, маусымдық аллергиядан зардап шеккенін алдын ала анықтау үшін диагностикадан өткізілді. 

Зерттеушілер ата-аналардан незігінен отбасында ыдыс-аяқты қалай жуылатынын, балаларға негізінен қандай азық-түлікті бірілетінін сұрады. 

Зерттеу жұмыстарынан кейін ғалымдар ыдысты қолмен жуған жанұялардағы балалар ыдыс жуғыш машинаны пайдаланған отбасылардағы балаларға қарағанда 40 пайызға азырақ аллергиядан зардап шегетінін анықтады. 

Зерттеу көрсеткендей, аллергия дерті үлкен жанұяларда, иммигранттардың және тұрмысы төмен отбасыларда сирек кездесетін көрінеді.