Оның еске салып өткенiндей, былтыр Лондонның қақ ортасында, Букингем сарайының жанында Қазақстанның Бейбiтшiлiк және келiсiм орталығы ашылған.
«Ондай алаңдар бiзге тиесiлi болып есептеледi және бiз олармен бiрлесе жұмыс iстеуге даярмыз. Орталықтың бас директоры арнайы осында келiп отыр. Лондонда Қазақстанның Бейбiтшiлiк және келiсiм орталықтарын құру идеясымен британияның танымал кәсiпкерлерi шыққанын айта кетейiн. Бұл үлкен тәжiрибе болады деп есептеймiн. Қазiр осындай орталықтарды ашуға Германия, Испания, Болгария елдерi, жалпы бiрқатар Еуропа елдерi ынталы», — деп атап өттi ол.