Колледждерді компаниялардың басқаруына көшіру үрдісін жылдамдату қажет - Б.Сапарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Колледждерді компаниялардың басқаруына көшіру үрдісін жылдамдату қажет - Б.Сапарбаев

Колледждерді компаниялардың басқаруына көшіру үрдісін жылдамдату қажет - Б.Сапарбаев

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Павлодар облысына барған жұмыс сапары барысында кәсіби-техникалық кадрларды дайындау бойынша Ұлттық кеңестің селекторлық отырысын өткізді. 

  • 27 Ақпан 2015
  • 584
Фото - Caravan.kz


Жиынға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, білім беру мекемелерінің, ұлттық компаниялардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты, деп хабарланған ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында. 

Отырысқа қатысушылар дуалды білім беру жүйесін енгізу, колледждерді ірі компаниялардың басқаруына беру, сондай-ақ еңбек нарығының кадрларға деген сұранысын болжау мәселелерін қызу талқылады. 

Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов мәлімдегендей, қазіргі уақытта дуалды оқыту  3225 кәсіпорын мен 280 колледждің ынтымақтастығы аясында енгізілуде. Соған қарамастан, министр «бүгінде бизнес кадрлар даярлау бойынша жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын емес» деп есептейді. 

«Кейбір жұмыс істейтін өнеркәсіп мекемелерінде шәкірттерді өндіріске жіберу үшін қажетті база жоқ. Мұндай жағдайда оқу орындарында немесе ресурс орталықтарында өндірістік ортаға ұқсатумен және іс жүзіндегі кәсіпорындар алаңдарына біртіндеп көшумен дуалды білім берудің бейімделген әдістерін енгізген дұрыс», — деп атап өтті ол.

Б.Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 35 мыңға дейін жас маманды, оның ішінде 18 мың техникалық кәсібіи білімі бар маманды тарту жоспарланғанын айтты. Вице-премьер мемлекеттің дуалды білім беруді дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанын, ал қоғам нақты нәтижелерді күтетінін айтып өтті. Алайда, вице-премьердің пікірінше, кадрлар даярлау жүйесінде бизнес қауымдастық арқа сүйеушілік позицияға ие. 

«Колледждерді компаниялардың сенімді басқаруына беру мысалдары бар, бірақ олар жеткіліксіз. Елбасының тапсырмаларына сәйкес оқу орындарының бейінін сақтаудың міндетті шартымен бұл үдерісті жеделдету қажет. Мемлекет бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауда және бизнес те қызығушылық пен әлеуметтік жауапкершілік танытуы тиіс», — деді Б.Сапарбаев. 

Жиынды қорытындылаған вице-премьер дуалды білім беру жүйесін енгізудің, кәсіпорындарға арнап критерийлер дайындаудың нақты нәтижелеріне жетуге қатысты сәйкес мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді, олар колледждерді сенімді басқаруды, сондай-ақ экономика саласының нақты сұраныстарын ескере отырып, кадрлар даярлауды өз қолдарына алады.