Жамбыл облысында тікұшақ құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында тікұшақ құлады

Жамбыл облысында тікұшақ құлады

 Талас ауданы Қаратау қаласында ұшырылым уақытында Eurocopter ЕС 130 тікұшағы құлады,

  • 28 Ақпан 2015
  • 684
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

 «27 ақпанда сағат 12.20-да Жамбыл облысы ТЖД жедел кезекші пультіне «Қазаэронавигация» РМК Бриффинг-Тараз тобының диспетчерінен хабарлама келіп түсті, онда Жамбыл облысында 27 ақпанда сағат 12.05-те «TalasInvestmentCompany» ЖШС-ның цианид натрий өндіретін зауыт аумағындағы тікұшақ алаңында ұшырылым кезінде Eurocopter ЕС 130 тікұшағы құлағаны хабарланды. Экипаж командирі тікұшақты жалғыз өзі басқарған, жолаушылар болмаған, зардап шеккендер жоқ», — делінген ТЖД хабарламасында.

 Борт  нөмірі ЕЦ-010, бір моторлы жеңіл Eurocopter ЕС 130 тікұшағы  «Кама» операторы (ОҚО)  «СауТС Ойл» ЖШС-ға тиесілі. 


Алдын ала деректер бойынша, апат себебі тікұшақтың басқару жабдығы істен шыққан.

Оқиға орнына Талас ауданының ТЖБ, ӨБ-5 өрт бөлімі, ІІБ жедел тобы келді. Барлығы 16 адам, 5 техника.

Бұл — Жамбыл облысында жыл басынан бастап орын алған екінші оқиға. Еске салсақ, 20 қаңтарда «Шатыркөл» кен орнында АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, үш экипаж мүшесі, үш жолаушы   қаза тапқан.