Нұржан Төлегенов ойынның мобильді нұсқасын жасауға 2 ай уақытын жұмсаған. Құмар ойындардан гөрі осындай ұлттық ойындарға ден қойғысы келген ол алдымен осы тоғызқұмалаққа тоқтапты. Жалпы тоғызқұмалақтың компьютерге арналған нұсқасы бұрыннан бар. Ал бұл жолы ойын ұялы телефонға шақтап жасалған. Оны жекелей де, екі адам болып та, тіпті, ғаламтор арқылы басқа біреумен де ойнауға болады. Нұржанның тағы бір электрондық туындысы — домбыра. Ұлттық аспапты үйренем дегендер енді телефон арқылы да талаптанып көрсе болады.
Нұржан Төлегенов, құрастырушы:
-Негізінен оқушыларға арналған үйрену құралы. Себебі, мектеп жасындағылар көбіне әр түрлі компьютерлік ойындарға құмар. Оның орнына өзіміздің ұлттық ойындарға көңіл бөлсе деймін. Алдағы уақытта басқа да ұлттық ойындардың электрондық нұсқаларын құрастырсам деген ойым бар.