СҚО-да ғалымдар қазақтың ақ бас сиырының үш түрін өсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да  ғалымдар қазақтың ақ бас сиырының үш түрін өсірді

СҚО-да ғалымдар қазақтың ақ бас сиырының үш түрін өсірді

Жиырма жыл күткен жетістік. Солтүстікқазақстандық ғалымдар қазақтың ақ бас сиырының жетілдірілген үш түрін өсірді. Граф, Шаман, Пион деп аталған ірі қараның төлі бір жарым жылда 3 тонна ғана жем жеп, 300 келіге дейін ет береді екен. Шетелден әкелінетін ірі қараға қарағанда азық талғамайды, әрі теріскейді жерсінген дейді мамандар.

  • 28 Ақпан 2015
  • 311
Фото - Caravan.kz

Мінезін көрсетіп тұрған мына бұқа – үш ғалымның 20 жыл бойы төккен терінің жемісі. Бұл шаруашылық сол мамандардың зертханасына айналған. Қазір мұнда жаңадан шығарылған үш асыл тұқымды малдың үш мыңдай басы бар. Ғалымдар оларға Граф, Шаман, Пион деген атау беріпті.  

Жаңа тұқымды өсіру жұмыстары 1992 жылы басталған. Олар ақ бас сиырдың эмбрионын Шығыс Қазақстаннан әкеліп, жергілікті дәл осындай сиырмен будандастырған. Одан тараған төлдердің тек ең мықты дегендерін сұрыптап отырып, осы үш тұқымды шығарыпты. Талай жылғы еңбектің жетістігі – мына қабырғада ілініп тұрған патент.   

Асқар Естанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты: 

-Біріншіден, олар азық-түлікке төзімді, азықты аз жейді, өнуі басқа малдарға қарағанда өзінің серіктестеріне қарағанда 12-17 пайыз жоғары. Стандарттан 20-30 пайыз асып кетеді бұлар. Әлемдік стандарпен салыстырсақ ет жағынан тәттілігі жағынан олардан да асып кетеді.

Жаңа туған бұзау күніне бір келіден артық салмақ қосады екен. Бір жарым жылда айналасы үш- ақ тонна азық жеп, 300 келіге дейін мәрмәр ет береді. Шетелден әкелінген ірі қара сияқты азық талғамайды, аса күтімді де қажет етпейді.   


Өмірсерік Сақыпов, мал дәрігері:

-Жергілікті малдың тұқымдарына көп вакцинаның керегі жоқ. Бюджеттен бөлінген вакциналар жетеді. Ал шетелден келген малдарға көбіне шетелдік вакцина керек олар, нарық заманына қымбаттау түскенімен олар өзін -өзі ақтайды.  

Осыдан отыз жыл бұрын қазақтың ақ бас сиырының саны 1 миллионнан асатын. Қазір еліміз бойынша 100 мыңға да жетпейді екен. Ал шаруашылықтар тарапынан асыл тұқымды малға деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Сондықтан ғалымдар бұл ретте әлі де жұмыс жасаймыз деп отыр.