Қарағанды облысында киіктердің мүйізіне браконьерлер қырғидай тиіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында киіктердің мүйізіне браконьерлер қырғидай тиіп жатыр

Қарағанды облысында киіктердің мүйізіне браконьерлер қырғидай тиіп жатыр

Қарағанды облысында киіктердің мүйізін әкетіп бара жатқан азамат ұсталды. Одан 1000-нан аса мүйіз тәркіленген.

  • 28 Ақпан 2015
  • 237
Фото - Caravan.kz

Яғни, олар 500-ден аса киіктің басынан қағып алынған. Мүйіздердің жалпы салмағы 80 келіден асып жығылады. Емге аса қажет бұлардың 1 жұбының өзі қара базарда 10 мың теңгеге дейін саудаланады екен. Ұсталған 26 жастағы азамат оларды қазір тауып алдым деп түлкібұлаңға салғанымен, тергеуге алынып жатыр. Жалпы, осы қыста арқа жеріне ауып келген киіктерге броконьерлер қырғидай тиіп жатыр. Өткен 1 айдың ішінде киіктерді үйірімен атып алып жүрген бірнеше топ қолға түсті.