Үнемі таңғы ас ішу сусамыр ауруына шалдығу қаупін төмендетеді - ғалымдар - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үнемі таңғы ас ішу сусамыр ауруына шалдығу қаупін төмендетеді - ғалымдар

Үнемі таңғы ас ішу сусамыр ауруына шалдығу қаупін төмендетеді - ғалымдар

Мамандар таңертең қабылданатын тамақтың құнарлылығын  350 калориямен шектеуді кеңес береді.

  • 1 Наурыз 2015
  • 692
Фото - Caravan.kz

Мамандар таңғы асты қабылдаудың ағзаның метаболизмі үшін рөлін анықтауға бағытталған зерттеулерін жүргізді. Ғалымдардың шығарған қорытындыларымен толығырақ Тhe European Journal of Clinical Nutrition журналында танысуға болады.

Зерттеуге артық салмағы бар 35 әйел қатысқан. Олардың бір бөлігі күн сайын таңғы ас ішсе, қалған бөлігі таңертең мүлдем тамақтанбайтын. Тәжірибе барысында әйелдер таңертеңгі уақытта ақуызы көп ас ішкен, кейіннен ғалымдар олардың қан құрамындағы глюкоза деңгейін күні бойы өлшеген. Жұмыс нәтижелері жобаға қатысқан таңертең үнемі тамақтанған әйелдердің қан құрамындағы глюкозаның деңгейі жақсы болғанын көрсетті. Ал таңғы асты қабылдамаған әйелдерде глюкоза деңгейі айтарлықтай өскен.

Ғалымдар зерттеудің таңертең үнемі тамақтанудың пайдалы екенін көрсеткенін мәлімдейді. Ақуызы мол таңғы ас қандағы қант деңгейін төмендетіп, екінші типтегі сусамырдың (диабет) дамуына жол бермейді. Мамандар таңғы астың азықтық құнарлылығын 350 калориямен шектеуге кеңес береді.