Эстониядағы сайлауда басқарушы Реформалар партиясы жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эстониядағы сайлауда басқарушы Реформалар партиясы жеңіске жетті

Эстониядағы сайлауда басқарушы Реформалар партиясы жеңіске жетті

Жексенбі күні Эстонияда Рийгикогуға (парламент) кезекті сайлау кезінде бұрынғы шақырылымның заңнамалық жиналысындағы басқарушы коалицияны басқарған Реформалар партиясы 28 пайыз дауыс жинаған. Бұл туралы Республикалық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады ТАСС.

  • 2 Наурыз 2015
  • 235
Фото - Caravan.kz


Екінші орынға парламенттегі 27 мандатты құрайтын 25 пайыз дауыс жинаған Центристік партия орналасты.

Парламенттік сайлауға 18 жасқа жеткен 900 мыңға жуық ел азаматтары қатысты. Эстония тұрғындарының 6,5 пайызын құрайтын азаматтығы жоқ 87,8 мың адамға дауыс беру құқығы берілмеді.