2014 жылы Таиланд еліне қанша қазақстандықтурист барды? - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы Таиланд еліне қанша қазақстандықтурист барды?

2014 жылы Таиланд еліне қанша қазақстандықтурист барды?

 Қазақстанның Таиландтағы елшісі Марат Есенбаев осы елдің туризм және спорт министрі Кобкарн Суриясат Ваттанаврангкулмен кездесті.

  • 2 Наурыз 2015
  • 528
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тайлық министр Алматы – Бангкок бағытына қосымша Астана – Бангкок жаңа бағытының ашылуына байланысты Таиландқа келетін қазақстандық туристер санының артатынын қуаттады.
Сонымен қатар, министр Қазақстан тайлық азаматтар үшін тартымды бағыт екенін атап көрсетті. Осы мақсатта Таиланд туризм саласында қазақ-тай ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қызығушылық танытты.
Оның пікірінше, Таиланд үшін визалық режимді жеңілдету Қазақстанға тайлық туристер ағынын күрт арттыруға ықпал етеді.
Таиланд туристік агенттіктер қауымдастығының президенті Супарерк Соорангура Бангкокта өтетін халықаралық туристік жәрмеңке-көрме Қазақстанға шетелдік туристер ағынын арттыруға мүмкіндік береді деген сенім білдірді.
2014 жылы Таиландқа 70 мың қазақстандық барып қайтқан.