Қазақстанда білім саласында жаңа 24 зертхана құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда білім саласында жаңа 24 зертхана құрылады

Қазақстанда білім саласында жаңа 24 зертхана құрылады

 Қазақстанда білім саласында жаңа 24 зертхана құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.

  • 2 Наурыз 2015
  • 637
Фото - Caravan.kz

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ең басты мәселелер оқу бағдарламаларын құру мен жаңа зертханалар салу болып отырғандығын айтқан Т.Балықбаев: «Оқу бағдарламаларын қазір біздің 24 жоғары оқу орнымыз арнайы дайындап жатыр. Сонымен бірге біз қазір 24 жаңа зертхана құруды жоспарлап отырмыз. Металлургия, мұнай химиясы, инженерлік бейінді, тамақ өнеркәсібі, машинажасау, химия, құрылыс материалдарын жасау, автоматтандыру және басқару техникасы, ғарыш технологиясы, ақпараттық коммуникациялар технологиясы зертханалары салынатын болады. Бұл зертханаларды пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етеміз және осыған байланысты бүгінгі таңда арнайы қаржы бөлініп жатыр», — деді.

Оның атап өтуінше, Елбасының тапсырмасына сәйкес «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында еліміздің жоғары оқу орындарына үш жылға 10 миллиард теңге қарастырылған, оның 3 миллиарды биыл бөлінді. Сонымен қатар арнайы бағдарламалар құруға 962 млн. қаржы бөлінеді.


«Аталған бағдарламаларды дайындау үшін жоғары оқу орындары әлемнің озық ЖОО-ларымен арнайы келісімшарттар жасасуда. Атап айтқанда, Оңтүстік Корея, Германия, Италия, АҚШ Польша, Ресей, Чехия сынды елдердің ЖОО-ларымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды», — деді вице-министр.