Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлім етті.
Ағымдағы жылы 780 адам «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанғанын еске салған ол: «Магистратура бағдарламасына — 457, докторантураға — 25 және тағылымдамадан өту үшін — 298 стипендия тағайындалды», — деді.
Оның атап өтуінше, стипендиаттардың 121-і — мемлекеттік қызметшілер, 72-сі — ғылыми педагог қызметкерлер, 101-і — ЖОО түлектері, 298-і — тағылымдамадан өтушілер, 150-і — өз бетімен оқуға түскендер, 4-еуі — мәдени қызметкерлер, 34-і — БАҚ қызметкерлері.
«Бүгінгі күні әлемнің екі жүз үздік жоғары оқу орнында 1823 стипендиат оқуда. Стипендиаттардың басым бөлігі мына елдерде: Ұлыбританияда — 931, АҚШ пен Канадада — 648, Еруопа елдерінде — 229, Азияда — 63, Ресейде — 52 адам білім алуда», — деді Ғ.Нығметов.