Грекия қайтадан қарыздың бір бөлігін кешіруді талап етуде - премьер-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грекия қайтадан қарыздың бір бөлігін кешіруді талап етуде - премьер-министр

Грекия қайтадан қарыздың бір бөлігін кешіруді талап етуде - премьер-министр

Грекия Еуропалық одақ пен халықаралық несие берушілер алдында қарыздың бір бөлігін кешіруді тағы да талап етіп отыр,

  • 2 Наурыз 2015
  • 249
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады Deutsche Welle.
Қаржылық көмек бағдарламасының төрт айға ұзартылуы Афиныға қарызға қатысты келіспеушілік аясында тағы да талап қоюға мүмкіндік беріп отыр, деп мәлімдеді Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас ұлттық телевизия арқылы.
А.Ципрастің айтуынша, енді Афины несиелік келісімшарт туралы диалогты шынайы, бопсалаусыз жүргізе алады.
Алдында Берлин Афиныдың қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішін қабыл алмаған. Алайда жұмада Бундестаг көпшілік дауыспен ол елге берілетін халықаралық қаржылық көмекті биылғы жылдың маусым айының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.