Қырғыз депутаттары ҰҚКҰ және ТМД парламенттік ассамблеяларына өтініш етпек, ондағы мақсаттары — аса ауыр қылмыс жасағандығы үшін бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің бауыры Жәнібекті (Жаныш) экстрадициялауға ықпал етуді сұрау.
Дүйсенбіде Қырғызстан парламентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, халықаралық істер жөніндегі комитет жетекшісі, "Ар-Намыс" фракциясының депутаты Қаныбек Иманалиев комитет отырысында атап өткендей, парламент республика президенті мен СІМ–нің Беларусиядағы Ж.Бакиевті еліне экстрадициялау қажеттілігі туралы ұстанымын қолдайды.
Өткен аптада Қырғызстан Белоруссиядан онда тұрып жатқан Қырғызстанның бұрынғы президенті Қ.Бакиев пен 2008-2010 жылдары Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болған інісі Ж.Бакиевті елге экстрациялауды талап еткен болатын.
Қырғызстан Бакиевтерді қайтару туралы талапты 2010 жылдан бері қойып отыр.
Белорустік жақ болса қырғыз мемлекетінің өз азаматтарын әділ сотта қорғалуы құқын қамтамасыз етететіндігіне күмән келтіретіндігін мәлімдеген.