Көлік жүргізушісі бұрылыста рульді басқара алмай аударылып барып, доңғалағын ауыстырып жатқан көліктің үстіне жанай құлаған. Жол жиегінде келе жатқан екі әйел аударылған көліктің астында қала жаздады. Біреуі қатты қорқып қалса, екіншісін жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.
Бетон араластырғыш көліктің жүргізушісі де ауруханаға жеткізілді. Оның жанындағы жолаушы әйел құтқарылды, деді ОҚО ТЖД құтқару жасағының өкілі Павел Вишенин.
Әйелдің аяғы көлікке қыстырылып қалған. Оны гидравликалық жабдық көмегімен босатып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Басқа ауыр жарақат белгілері табылмады.
