7 адамда да сол белгісіз дерттің жеңіл түрі,- дейді Есіл аудандық ауруханасының бас дәрігері. Қазір жағдайлары қалыпты екен. Жергілікті халық күн жылынғанда ауылдастарының шетінен сұлап жатуын осымен үшінші жыл көріп келеді. Осы уақыт аралығында «ұйқы дертімен» 120 адам ауырыпты. Олардың ішінде бірнеше рет қалғып кетіп, апталап ұйықтағандары бар. Облыс әкімі Сергей Кулагин Калачиден жұртты жаппай көшіру керек десе де, бюджеттен бұл мақсатта бір тиын да бөлінбеген. Қазір 600-дей тұрғынның 100-і ғана өз күштерімен қоныс аударып үлгерді.
Аманбек Қалжанов, Есіл ауданының әкімі:
-Калачи ақырын-ақырын көшіп жатыр. Дәрігерлік амбулатория, жедел жәрдем барлығы көшуге дайын отыр. Ертең күн жылыған сайын ауру өршиді тезірек көшіңдер деп айттық. Енді ырғалып-жырғалып көшпей жатыр ғой.