Атақты сазгер Алтынбек Қоразбаев 7 миллион теңгені қайтыс болған жолдасының отбасынан өндіріп алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты сазгер Алтынбек Қоразбаев 7 миллион теңгені қайтыс болған жолдасының отбасынан өндіріп алмақ

Атақты сазгер Алтынбек Қоразбаев 7 миллион теңгені қайтыс болған жолдасының отбасынан өндіріп алмақ

Алтынбек Қоразбаевтың басы тағы дауға ілікті. Танымал сазгер бұл жолы баспана үшін соттасып жатыр. Айтуынша, Алматыда 3 жыл бұрын Сырым Құлажанов есімді жолдасына әрі бизнестегі серіктесіне 7 миллион  теңгеге үйін берген екен. Есесіне ол сазгермен бірлесіп, музыкалық мектептің құрылысын жүргізуі керек болыпты. Бірақ былтыр Сырым Құлажанов көз жұмған. Енді сазгер марқұмның отбасынан мүлікті кері қайтаруын талап етіп отыр.

  • 3 Наурыз 2015
  • 535
Фото - Caravan.kz

Бұл бүгін Әуезов аудандық сотында Алтынбек Қоразбаевтың шағымы бойынша басталған сот тыңдалымы. Дауға себеп болған баспана екен. Кезінде сазгердің Сырым Құлажанов есімді жақын жолдасы әрі бизнестегі әріптесі болыпты. Былтыр сол азамат көз жұмған. Композитордың айтуынша, марқұм 7 миллион  300 мың теңге қарызын төлемей кеткен.

Мина Амиралиева, адвокат:

-Шағымданушы, менің клиенттеріме 2011 жылы сатылған баспана құрылысын кері қайтарып алмақ. Айтуынша, оны алдап сатқызыпты. Тіпті ақшасы да төленбеді дейді. Бірақ бізде оны жоққа шығаратын құжаттар бар. Сауда оның әйеліне берілген сенімхатпен рәсімделген.

Ал сазгер даулаған мына нысан 900 шаршы метрді алып жатыр. Қазір баспана жалға берілген көрінеді. Бірақ сатылған кезде ол небәрі 474 шаршы метрді құрапты. Жауап беруші тарап дәл осы аумақтың ұлғаюы сазгердің қызғанышын тудырса керек дейді. Себебі бастапқы ақшаға Қоразбаевтың аяқасты көңілі толмай қалған. Оның үстіне бизнес серіктердің арасында тағы бір ортақ жоба болған екен. Екеуі бірлесіп музыка мектебін салуды жоспарлаған. Бірақ бүгін сотқа арызданушының не өзі, не адвокаты келмеді. Бірақ сазгерді жұмыс орнынан таптық. Тек оның жауабы мүлдем басқа. Үйін сатқанымен, ақысына көк тиын да алмаған екен.

Алтынбек Қоразбаев, сазгер:

-Жоқ сатқан жоқпын. Бір тиынның да көзін көрген жоқпын. Ар жағын адвокат  айтсын!

Көк тиын көрмедім деуінің себебін сазгер камерадан тыс түсіндіргендей болды. Айтуынша, сол 7 миллион теңгеге музыкалық мектептің ғимаратын салып бер деп келісіпті жолдасымен. Тек ол әудесін орындамастан дүниеден өтіп кеткен. Сондықтан өтеуін артында қалған туыстары қайтаруы тиіс деп отыр.