Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:
-Бізде жанармай қоры жеткілікті. Ол ішкі сұранысты жабуға молынан жетеді. Сондықтан ешқандай тапшылық болмайды деп айта аламын.
Ресейдің арзан бензин тасымалдауға қатысты тыйым 45 күнге салынбақшы. Сөйтіп Энергетика министрлігі ішкі нарықты реттеп болған соң, шектеуді қайта алып тастауға уәде етіп отыр. Сондай-ақ, шенеуніктер тосын шектеу елдегі бензин мен дизельдің бағасына еш әсер етпейді деп сендіріп бағуда. Яғни, қазіргі баға қайта түспесе, осы қалпында қала бермек. Ал Қазақстан биыл Ресейден 1 млн. 100 мың тонна бензин мен 760 мың тонна дизель отынын алуға келіскен екен.