Brent маркалы мұнайдың баррелі бағасы 60 доллардан төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Brent маркалы мұнайдың баррелі бағасы 60 доллардан төмендеді

Brent маркалы мұнайдың баррелі бағасы 60 доллардан төмендеді

Лондондағы ICE биржасындағы сауда-саттықта Brent сортты мұнайының сәуір айына фьючерстерінің бағасы - 4,55 пайызға құлдырап, баррелі 59,73 долларға дейін төмендеді, деп хабарлады ТАСС.

  • 3 Наурыз 2015
  • 357
Фото - Caravan.kz

Британ астанасындағы тауар нарығындағы сауда мұнай бағасының төмендеуімен аяқталды. Сессия қорытындысында лондондық құрлықаралық биржада фьючерстік мәмілелерде Brent қоспасын жеткізу келісімшарттарында оның бағасы 2,56 долларға арзандап, барреліне 60,02 долларды құрады.  

Нью-Йорк тауар биржасында шикізат баррелінің бағасы өскені байқалады: техастың WTI ашық түсті мұнайының бағасы 0,69 долларға өсіп, 50,00 доллар деңгейінде сатылуда.

Brent мұнайының бағасы американдық валютаның нығая түсуі жағдайында құлдырап отыр. Негізгі алты валютаға доллар индексі бүгін 11 жылғы жоғарғы межеге жетті, оған Қытайдағы пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі себеп боды.

«Қара алтын» құнының төмендеуі Ливияда өндірудің өсуіне жәрдемдесуде. Осыған байланысты  PVM Oil Associates талдамашысы Тамас Варга шикізат бағасының одан әрі төмендейтінін болжап отыр, оған Иракта энергия жеткізу экспортының қарқын ала түсуі себеп болмақ.