Қарағанды облысының әкімі құзырлы органдарға балабақшалар құрылысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі құзырлы органдарға балабақшалар құрылысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды

Қарағанды облысында биылғы білім беретін мекемелер мен жаңа балабақшалар құрылысындағы бос алаңдарды ұтымды пайдалану есебінен екі мыңға жуық баланы мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамту жоспарлануда.
Балаларды мектепалды тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы кеше облыс әкімі Нұрмұхамет Әбдібековтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте талқыланды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне әкімнің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақтыгүл Әдекенова осы кеңесте атап көрсеткендей, «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде аймақта үш жастан алты жасқа дейінгі аралықтағы балаларды мектепалды біліммен қамту 11,6%-ға артты, ал мектепке дейін білім беру мекемелер желісі 389-дан 509-ға жетті, оның ішінде 197 балабақша және 312 шағын орталыққа жалпы 52 мың 400 бала барады.
2014 жылы желтоқсан айында балаларды (бір жастан алты жасқа дейін) мектепалды тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету – 87 пайыз, үш жастан алты жасқа дейін – 98 пайызды құрады, дейді Б.Әдекенова.
Дегенмен мектеп ұйымдарына кезек әлі көп және 28 мың 567 бала кезекте тұр.
Б.Әдекенованың пікірінше, қазір жұмыс істеп тұрған білім мекемелеріндегі бос алаңдарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ жекеменшік балабақшаларды кеңейту және жаңадан салу есебінен орын тапшылығы проблемасын шешуге болады.
Алаңдарды ұтымды пайдалану есебінен Қарағанды, Шахтинск, Жезқазған, Сәтбаев, Балқашта мемлекеттік секторла 500-ге жуық қосымша орын ашу мүмкіндігі бар. Құрылысқа келер болсақ, биылғы жылдың соңына дейін Жезқазған мен Балқашта екі балабақшаны пайдалануға беру жоспарланған. Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша балабақша құрылысы басталады», - дейді Б.Әдекенова.
Осылайша, 2015 жылы облыста екі мыңға жуық орын ашу жоспарда бар. Мұнымен қатар, шағын орталықтарды толық күнге көшіру жұмысы жүргізілуде.
Облыс әкімі Н.Әбдібеков осы кеңесте білім басқармасы мен құрылыс басқармасының басшылығына балабақша құрылысы мәселесін ерекше бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді.
Балаларды мектепалды тәрбиемен қамтамасыз ету мемлекет басшысы былтыр 30 тамызда жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларының бірі болып табылады және бұл жұмыс үнемі бақылауда. Сондықтан осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп,  балабақшаларда баллаарды орынме қамтамасыз етудің бар мүмкіндіктері табу қажет», - дейді әкім.

  • 3 Наурыз 2015
  • 424
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысында биылғы білім беретін мекемелер мен жаңа балабақшалар құрылысындағы бос алаңдарды ұтымды пайдалану есебінен екі мыңға жуық баланы мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамту жоспарлануда.

Балаларды мектепалды тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы кеше облыс әкімі Нұрмұхамет Әбдібековтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте талқыланды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне әкімнің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақтыгүл Әдекенова осы кеңесте атап көрсеткендей, «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде аймақта үш жастан алты жасқа дейінгі аралықтағы балаларды мектепалды біліммен қамту 11,6%-ға артты, ал мектепке дейін білім беру мекемелер желісі 389-дан 509-ға жетті, оның ішінде 197 балабақша және 312 шағын орталыққа жалпы 52 мың 400 бала барады.
2014 жылы желтоқсан айында балаларды (бір жастан алты жасқа дейін) мектепалды тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету – 87 пайыз, үш жастан алты жасқа дейін – 98 пайызды құрады, дейді Б.Әдекенова.
Дегенмен мектеп ұйымдарына кезек әлі көп және 28 мың 567 бала кезекте тұр.
Б.Әдекенованың пікірінше, қазір жұмыс істеп тұрған білім мекемелеріндегі бос алаңдарды ұтымды пайдалану, сондай-ақ жекеменшік балабақшаларды кеңейту және жаңадан салу есебінен орын тапшылығы проблемасын шешуге болады.
Алаңдарды ұтымды пайдалану есебінен Қарағанды, Шахтинск, Жезқазған, Сәтбаев, Балқашта мемлекеттік секторла 500-ге жуық қосымша орын ашу мүмкіндігі бар. Құрылысқа келер болсақ, биылғы жылдың соңына дейін Жезқазған мен Балқашта екі балабақшаны пайдалануға беру жоспарланған. Қарағандыда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша балабақша құрылысы басталады», — дейді Б.Әдекенова.
Осылайша, 2015 жылы облыста екі мыңға жуық орын ашу жоспарда бар. Мұнымен қатар, шағын орталықтарды толық күнге көшіру жұмысы жүргізілуде.
Облыс әкімі Н.Әбдібеков осы кеңесте білім басқармасы мен құрылыс басқармасының басшылығына балабақша құрылысы мәселесін ерекше бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді.
Балаларды мектепалды тәрбиемен қамтамасыз ету мемлекет басшысы былтыр 30 тамызда жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларының бірі болып табылады және бұл жұмыс үнемі бақылауда. Сондықтан осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп,  балабақшаларда баллаарды орынме қамтамасыз етудің бар мүмкіндіктері табу қажет», — дейді әкім.