Шығыс Қазақстанда тұтқында отырған жігіт астыртын казино ұйымдастырған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда тұтқында отырған жігіт астыртын казино ұйымдастырған

Шығыс Қазақстанда тұтқында отырған жігіт астыртын казино ұйымдастырған

 Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық соты 156/3 колониясында отырған жігітке түрмеде отыру мерзімін ұзартты.

  • 3 Наурыз 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz


Бұл жігіт ұлтаралық қылмыстық топтың қатысушысы, алдында абайсызда адам өлтіргендігі үшін 7 жылға соталған болатын, ол колонияда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандығы үшін кінәлі деп танылды және қосымша 4 жылға сотталды..
Іс материалдарына қарағанда, түрмеде отырған 22 жастағы жігіт онда заңсыз түрде ойын бизнесін ұйымдастырған. Қолдан карта және ойын тас жасап, бір жылдың ішінде 7 млн теңге алған, ол ақшаны сыбайластарымен бірге Өскеменде жалдамалы пәтерде сақтаған.
Астыртын казинода ұтысқа тігу үшін қолма-қол ақша, банк карточкалары, ұялы телефондар, есірткі заттары қабылданған.
Түзету мекемесінде құмар ойындарға жол берген колония қызметкерлері куәгер ретінде жауап берді.