Ақшаны жария етуде алматылықтар көш бастап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақшаны жария етуде алматылықтар көш бастап тұр

Ақшаны жария етуде алматылықтар көш бастап тұр

Алматы қаласы 2014 жылы басталған ақшаны жария ету акциясы бойынша көш бастап тұр.

  • 3 Наурыз 2015
  • 496
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің мүлік пен қаржыны жария ету туралы есебінде жарияланған.

Есепке сәйкес, 2015 жылдың 1 ақпанында Қазақстанда 9 млрд 937 млн 880 мың 340 теңге көлемінде қаржы заңдастырылған.

Оның ішінде алматылықтардың қосқан үлесі — 8 млрд 461 млн 429 мың 140 теңге. Салыстыра кетсек, 2015 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 8 млрд 274 млн 616 мың теңге болатын.

Екінші орында Астана қаласы тұр. Астаналықтар 838 млн 650 мың теңгесін жариялаған.

Ақтөбе облысында — 10 млн 891 мың теңге, ОҚО-да — 197 млн 406 мың теңге, Павлодар облысында — 425 млн 284 мың, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары — 4,2 млн теңге, СҚО-да 20 мың теңге жинақ шоттарына енгізілген.


Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ ШҚО-да бір де бір теңге заңдастырылмаған.