«Екінші кітап «Каинның балалары» деп аталады. Бұл кітап аяқталуға жақын, ол Эдвардтың Ресейде болуына арналған. Әзірге желісін ашпай-ақ қояйын, өйткені бұл да көркем туынды. Үшінші кітап «Иуданың сүюі» деп аталады», — деп А.Кучерена бүгін баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Адвокат онда «Спрут уақыты» трилогиясының бірінші бөлімін таныстырды.
Ол екі кітап та пысықталу үстінде екенін айтты. Э.Сноуденнің тағдыры қалай болады деп ойлайсыз деген журналистер сұрағына адвокат келешекке оптимизммен қараймын деп жауап берді.
Адвокат үш кітап та адамның жеке өмірі мен демократиялық бостандығы үшін күреске арналған. Бірінші туынды ағылшын тіліне аударылған. Енді өзге тілдерге аударылмақ.