ОҚО-да шенеуніктердің сауатсыздығы ондаған отбасыны далада қалдырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да шенеуніктердің сауатсыздығы ондаған отбасыны далада қалдырмақ

ОҚО-да шенеуніктердің сауатсыздығы ондаған отбасыны далада қалдырмақ

Оңтүстік Қазақстанда да шенеуніктердің кесірінен 30-дан астам отбасы далада қалатын түрі бар. Өйткені жерлері Шымкент қаласының құрамына қосылғанда ықшамаудандағы 34 үйдің жері он жылдан бері сол маңдағы әскери бөлімге тиесілі екендігі анықталған. Енді не ауылдықтардың, не қалалықтардың қатарында жоқ тұрғындар үйлерінен қуып шығады ма деп қауіптенеді.

  • 4 Наурыз 2015
  • 212
Фото - Caravan.kz

Сәуле ықшамауданының тұрғындары 4 айдан бері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды. Былтырға дейін Сайрам ауданына қарап келген 34 отбасы Шымкентке қосылғалы өз үйлерінде заңсыз тұрып келе жатқанын біліп аң-таң. Ал, қолдарында 2007 жылы жекешелендіру кезінде рәсімдеген құжаттары бір-ақ сәтте күшін жойыпты.

Мейізгүл Сахова, Шымкент қаласының тұрғыны

-Мен мұны алатынның алдында облыстық кадастр бөліміне апарып тексерткенмін қағазымды. Ол жердегілер айтты сіздің қағазыңыз заңды, деп. Сонан кейін мен алғанмын бұл жерді.

Былтыр ықшамаудан Сайрамнан Шымкентке өткен соң, мекен-жай тіркемесін өзгерту үшін барған тұрғындарға ол жақтағылар құжатарын қабылдаудан бас тартқан. Өйткені, жер учаскесі тұрғындарға емес әскери бөлімге тиесілі болып шығыпты.

Тұрсынхан Өтемалиев, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Қазір бізге су келіп жатыр. Жарық  бар, жол бар, автобус жүріп жатыр, газ келіп жатыр. Менің 6 балам, 15 немерем бар. Баратын жерім жоқ қайда барам?

Ал, шенеуніктер қолдан келер қайран жоқ деп отыр. 2007 жылғы жекешелендіру кезінде Сайрам ауданының басшылары әскери бөлімге тиесілі жер екенін біле тұра тұрғындарға рәсімдеп жіберген.


Қасымбек Сайлауов, Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

-Жер учаскесін беруі заңсыз болып тұр бұл жерде. Сайрам ауданының жылжымайтын мүлікті рақымшылық ету комиссиясымен заңсыз берілген бұл жерлердегі жер учаскесі. Әскери бөлімге 2004 жылы берілген. Шекарасы белгіленген, мемлекеттік актісі бар.

Шымкенттік шенеуніктер 30-дан астам отбасының енді соттасудан басқа амалы жоқ деп отыр. Әуелі тұрғындар жерлерін заңсыз екенін біле тұра рәсімдеген комиссия мүшелерін сотқа беруі қажет. Сот комиссияның әрекетін заңсыз деп тапса, тұрғындар тек содан соң ғана үйлерімен жерлері үшін өтемақы талап ете алады. Тек, ол үшін тағы да сотқа жүгінуге тура келеді.