Қазақ миллиардерлерінің тізімін Болат Өтемұратов бастап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ миллиардерлерінің тізімін Болат Өтемұратов бастап тұр

Қазақ миллиардерлерінің тізімін Болат Өтемұратов бастап тұр

Қазақ миллиардерлері әлемдік рейтингтегі ахуалын жақсарта түсті. Әйгілі «Форбс» журналының биылғы наурызда жасаған тізіміне еліміздің бес бірдей азаматы кірген.

  • 4 Наурыз 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

Байлардың көш басында Болат Өтемұратов тұр. Негізгі пайдасын кәсіпкерліктен табатын ол еліміздің Теннис федерациясын да басқарады. Бүгінде оның байлығы шамамен 2 миллиард 600 миллион долларға жетіп, былтырғы көрсеткіштен 400 миллион долларға артқан. Екінші орында – Алижан Ибрагимов. «ENRC» компаниясының акционері әрі «Еуразиялық банк» басшысының қазіргі байлығы 2 миллиард 200 миллион доллар. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 500 миллион долларға артық. Еліміздегі миллиардерлердің үздік үштігіне Құлыбаевтар отбасы. Тимур мен оның жары Динараның әрқайсысының қаржысы 2 миллиард 100 миллион долларға жетіпті. «Форбс» журналының тізіміне кірген бесінші қазақстандық – Владимир Ким. Мыс магнатының байлығы 1 миллиард 800 миллионды құрайды.