Түрмеде тәртібі жақсы болған Баймағамбетов бостандыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмеде тәртібі жақсы болған Баймағамбетов бостандыққа шықты

Түрмеде тәртібі жақсы болған Баймағамбетов бостандыққа шықты

Ал Қарағандыда 10 жылға сотталған Кеден комитетінің бұрынғы төрағасы мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Түрмеде үш-ақ жыл отырған Серік Баймағамбетов Қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістердің арқасында кесілген жазаны толық өтемейтін болды.

  • 4 Наурыз 2015
  • 270
Фото - Caravan.kz

Кеден комитетінің бұрынғы төрағасы 80 мың доллар пара алғаны үшін 2012 жылдың ақпанында ұсталған. Ал 2013- те сот шешімімен  10 жылға қамалған болатын. Кейін Қарағанды облысындағы колония басшылығынан қысым көрдім деп арызданғаны да есте. Ақыры Қарағанды қаласындағы тергеу абақтысына ауыстырылған экс-шенеунік кесілген жазасының жартысын да өтемей бостандыққа шығып отыр.

Әлия Жошева, Қазыбек би аудандық сотының судьясы:

-Өзгерістерге сәйкес оның жасаған қылмысы басқа бап аясына енді. Нәтижесінде мерзімі 5 жылға қысқарды. Қамауда оның жартысы, 3 жыл отырғанын және өзін жақсы жағынан көрсеткенін ескеріп, сот оның арызын қанағаттандырмауға негіз тапқан жоқ.