Алматының бұрынғы бас қаржы полицейі генерал Аманбаев тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының бұрынғы бас қаржы полицейі генерал Аманбаев тұтқындалды

Алматының бұрынғы бас қаржы полицейі генерал Аманбаев тұтқындалды

Еліміздің тағы бір ықпалды генералы істі болып жатыр. Бұл жолы «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген күдікпен Қаржы полициясының Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы бастығы Әмірхан Аманбаев тұтқындалды. Бұрынғы қызметтестері қолына кісен салған кезде генерал талып қалып, жедел жәрдем шақыртылған екен. Бірақ, түбі изоляторға әкетіліпті.

  • 4 Наурыз 2015
  • 435
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясы таратылған соң Әмірхан Аманбаев Бас прокуратурада департаментті басқарған болатын. Бұл оның қаңтар айында тілшілерге жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексті түсіндіріп тұрған сәті. Айта кетсек, ақпан айында Алматының бірнеше лауазымды қаржы полицейі тұтқындалып абақтыға жабылған. Тергеу материалдарына сүйенсек, ауыз жаласқан топ жалған кәсіпорындар құру арқылы бюджетке түсуі тиіс ондаған миллиард теңгені қалталарына басыпты. Осы қылмыстық топты генерал-майор Әмірхан Аманбаев басқарған көрінеді. Бірер ай бұрын Бас прокуратурада сотқа түсетін материалдардың заңдылығына жауапты болған Аманбаевтың енді өзін қорғауына тура келетіндей.

Әмірхан Аманбаев, ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы:

 (5 қаңтар, 2015)

-Сот қылмыс  дәлелденбеген жағдайда екі шешім ғана шығарады. Ақтайды, кінәсі жоқ деп.  Болмаса, соттайды.