Алматы облысында ауыл мұғалімдері мүгедек балаларға сабақ өткізбеген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ауыл мұғалімдері мүгедек балаларға сабақ өткізбеген

Алматы облысында ауыл мұғалімдері мүгедек балаларға сабақ өткізбеген

Ұйғыр ауданының Сүмбе және Үлкен Ақсу ауылдарындағы орта мекептердің мұғалімдері мүмкіндігі шектеулі балаларға үйлерінде сабақ өткізбеген.

  • 4 Наурыз 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz

Аудандық прокуратурадан хабарланғандай, көрсетілген еңбек тәртібін бұзушылықтарға қарамастан, мектеп директорлары мұғалімдерге үйде сабақ өткізген ретінде жалақысын аударып отырған.

Аудан прокуратурасы бұл кемшіліктерді жою және алдағы уақытта жол бермеу үшін аудандық білім бөлімі басшысының атына ұйғарым жіберген.

Соған сәйкес алты мұғалім материалдық жауапкершілікке тартылды және оларға заңсыз төленген еңбекақы мемлекетке қайтарылды.