ЕО ҚР-дағы сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өтетініне сенеді - Латвия СІМ басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕО ҚР-дағы сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өтетініне сенеді - Латвия СІМ басшысы

ЕО ҚР-дағы сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өтетініне сенеді - Латвия СІМ басшысы

 Еуроодақ ҚР-да президенттік сайлау халыаралық стандарттарға сәйкес және халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен өткізілетініне сенімін білдірді. Бұл туралы сейсенбі күні Брюссельде Латвия сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс мәлім етті.

  • 4 Наурыз 2015
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Президенттік сайлауды қашан өткізу — бұл Қазақстанның өз шешімі. Бұл Еуроодақ немесе үшінші мемлекеттер араласатын шаруа емес. Бұл Қазақстанның өзінің ішкі ісі», — деді Эдгарс Ринкевичс.

Латвия сыртқы саясат ведомствосының басшысы Еуроодақ ҚР-дағы президенттік сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес және халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен өтетініне сенім білдіреді, деп қосты.

«Мен ішкі саяси үдерістер Еуроодақ-Қазақстан қатынастарына немесе Еуроодақ мүшелері мен Қазақстан арасындағы қатынастарға ешқандайда ықпал етуі тиіс емес екенін айтқым келеді», — деп сөзін қорытындылары Эдгарс Ринкевичс.