Аталған келісімнің мақсаты — инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту. Заң жобасы бойынша тараптар арасында қосарланған салық салуды болдырмау көзделеді. Яғни, салықтық резиденттер тек бір мемлекетте ғана төлейтін болады.
«Келісім уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың табыстарына қосарланған салық салуды болдырмауды көздейді. Сондай-ақ бұл құжат екі мемлекеттің құзыретті органдары арасында салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтық жалтарудың алдын алуды шешеді», — деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуына қарағанда, Қазақcтан мен Вьетнам арасындағы тауар айналымы 2013 жылы 233 млн. долларды құраған. Бұл ретте Қазақстан экспортының негізгі бағыттары — күкірт, әрлеу баптары мен цемент болып табылады. Импорт құрылымында машиналар, жабдықтар мен тоқыма бұйымдары секілді тауарлар басымдыққа ие болған.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.