2015 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге 35,4 млрд. теңге қарастырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге 35,4 млрд. теңге қарастырылған

2015 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге 35,4 млрд. теңге қарастырылған

2015 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 35,4 млрд. теңге қарастырылған,

  • 4 Наурыз 2015
  • 1275
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен.

«2015 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 35,4 млрд. теңге қарастырылған», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, өткен 2014 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 31,1 млрд. теңге бөлінді. Жәрдемақының мұндай түрін алушылардың жылдық орташа саны 173,5 мың адамды құрады.

Ал жәрдемақының мөлшері балалардың кезегіне қарай 10 668 теңгеден 16 483 теңге аралығында болған.