Алматылықтар «Қыз Жібекті» таңдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар «Қыз Жібекті» таңдайды

Алматылықтар «Қыз Жібекті» таңдайды

Ертең Алматыда ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен ең әдемі ару таңдалады. «Қыз Жібек» байқауын қалалық білім басқармасы ұйымдастырып отыр. 

  • 4 Наурыз 2015
  • 1604
Фото - Caravan.kz

Қазір әр ауданнан 2 жеңімпаздан, яғни 14 үміткер іріктеліп, ақтық сайысқа жолдама алды.

Үміткерлерден ең алдымен қазақ тілін еркін меңгеруі талап етіледі. Сондай-ақ сыр-сымбаты келіскен қос бұрымды болуына да ден қойылады. Бойжеткен сахна мәдениетін меңгерген, дауыс ырғағы әдемі, шешен сөз шебері болса құба-құп.

Байқау барысында қыздардың сахнадағы жүріс-тұрысы, сырт бейнесі бағаланады. Кейін жанды дауыста халық әндерінің бір шумақ қайырмасын әуелетеді. Бұл талапта қазақ қызына тән сұлулықтары — ұзын бұрымдары, тал мүсіндері, қазақы келбеттері және ән орындау мәнерлері бағаланады.

Сонымен қатар олар нәзік жанды ақындарымыз Ф. Оңғарсынова, К. Ахметова, М.Айтхожина, А. Бақтыгереева, Т.Толқынқызы, Ш.Жұбатовалардың шығармашылығынан өлеңдер оқиды. Сондай-ақ арулардың спорттық, логикалық ойлау қабілеттері де таразыға түседі.

«Қазіргі қоғамдағы әйел-ананың рөлін айқындай түсу бағытында қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру, білімге және өнерге ынталандыру — басты мақсатымыз. Қыз баланың мектепте және мектептен тыс уақытта өзін-өзі дұрыс игере білуіне жол сілтеу, өзіндік көзқарасын дұрыс қалыптастыра білуге бағыттау аса маңызды», — деді ұйымдастырушылар.


Айта кетейік, талапкер қыздардың өнерін белгілі өнер адамдарынан және білім басқармасының белгілі мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Байқаудың ақтық сыны 5 наурызда Жазушылар үйінде өтеді.