Германияда сотталған қазақстандық екі дипломат елге өткізіліп берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда сотталған қазақстандық екі дипломат елге өткізіліп берілді

Германияда сотталған қазақстандық екі дипломат елге өткізіліп берілді

Германияда темекі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық екі дипломат Қазақстан билігіне өткізіліп  берілді.

  • 4 Наурыз 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz


«Бір ай бұрын бізге жіберілді», — деп бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді.
«Ал біз былтыр есірткі үшін сотты болған Германия азаматшасын өткізіп бердік», — дейді ол.
2013 жылы қыркүйекте Қазақстанның Майндағы Франкфурттағы бас консулы Ахат Алпысбаев пен оның қызметкері Қайрат Адыров Германияда темекі контрабандасы үшін тұтқындалды.
2014 жылы сәуір айында екі дипломат екі жыл сегіз айға сотталды. Шілде айында сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов СІМ оларды Қазақстанға қайтаруға күш салатынын айтқан болатын.