Ақмола облысында мектепте арақ ішетін директорға ұстаздар қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында мектепте арақ ішетін директорға ұстаздар қарсы шықты

Ақмола облысында мектепте арақ ішетін директорға ұстаздар қарсы шықты

Ақмола облысында мектеп мұғалімдері директорға қарсы бас көтерді. Былтыр қараша айында ғана тағайындалған басшы үздіксіз ақша жинауға міндеттейді дейді Заречное ауылының ұстаздары. Әр мұғалім кезекті каникулға кетер алдында кемі 2 жарым мың теңгеден өткізуі тиіс екен. Бұны орындамағандарға директор қысым көрсетіп, «жұмыстан шығарамын» деп қорқытатын көрінеді. Ал мереке сайын білім ошағында арақ-шараппен дастархан жаю дәстүрге айналған.

  • 5 Наурыз 2015
  • 326
Фото - Caravan.kz

Директор мен ұстаздар арасындағы дүрдараздық жаңа басшы тағайындалған күннен басталыпты. Бірден сес көрсетіп келген бастыққа ауыл мұғалімдері қарсы шыққан. Темірдей тәртіп білім деңгейін көтеру мәселесіне байланысты болса бір сәрі дейді ұстаздар.

Нұргүл Зәкір, Заречное мектебінің мұғалімі:

-Мен «сені құртам» деп бүкіл коридорға айқайлады. Аяғым ауыр болған.  Каникулға балалармен бірге жібереді бізді. Соған 1 күндік ақшамды ұстап қалады. Жинап береміз ақшалай. Бермесең күн көрсетпейді. Мен мысалы бергем жоқ, әрбір сабаққа бір мұғалімді соңыма салып қояды.

Рая Мұсаева, Заречное мектебінің мұғалімі

-Мен өзі білмеймін не үшін екенін. Тиісе береді маған. Мен түсінбеймін. Өткен жылы екі ай тағы отырдың дейді. Өткен жылы операцияда болдым.

9 жылдық мектепте небәрі 52 оқушы, 17 ұстаз бар. Шағын ұжымды ұйыта алмаған директор арақ-шараппен отырыс ұйымдастыруға құмар дейді ұстаздар. Кезекті мерекелік дастарханды олардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған. Онда акт залының — басшы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары екеуінің шылым шегетін орнына айналғаны анық көрінеді.

Бірақ мектеп директоры бұл айыптаулардың көбін теріске шығарып отыр.


Райхан Қошманов, Заречное мектебінің директоры:

-Мен мектеп директоры болғаннан кейін талап қоямын. Мойындамайды. Мен оларды қудалаған емеспін. Ол жәй сөздер,өтірік. Арақ, енді болды 1 рет. Мойындаймын оны. Ақша жинаған деген өтірік!

Мектептегі жағдайды естіген аудандық білім бөлімінің басшылары да келіпті. Ұрыс-керісті енді естідік деп азар да безер болғанымен, ұстаздардың арызы бойынша тексеріп жүргізуге уәде етті.

Жангелді Уәйісов, Зеренді аудандық білім бөлімінің басшысы:

Білген жоқпын ондай жағдайды.

– Мектепте арақ ішкен екен.

 – Ондай болу мүмкін емес!

Ауыл мектебіндегі ахуал ата-аналарға да ұнамайды екен. Мәселенің тезірек шешілгенін тұрғындар да талап етіп отыр.