Гүлнар Құлқаева, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры:
-Ауырған балалардың тоқсандайын тексеріп, сырқат себебін анықтадық. Вакцинаның еш қатысы жоқ. Балалар инені көріп, шошып қалған. Ал дәріден ешқандай кінәрат таппадық.
Үндістандық дәріден кінәрат таппаған шенеуніктер енді вакцинацияға қайта рұқсат беруі мүмкін. Дегенмен екпе жұмыстарының 4-ші мамырға дейін тоқтатылғанын айта кетейік. Оған дейін отандық және шетелдік мамандардан құрылған арнайы комиссия препаратты бүге-шігесіне дейін зерттеп шығуы тиіс. Қызылшаға қарсы вакинациядан кейін Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында оқушылар мен студенттер жаппай кері әсер беріп, ауруханаға жатқызылған болатын. Тіпті бақилық болып кеткендері бар. Жалпы, 294 бала дәрігерлік көмекке жүгінген.