Бейжіңде БХӨЖ жыл сайынғы сессиясы жұмысын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейжіңде БХӨЖ жыл сайынғы сессиясы жұмысын бастайды

Бейжіңде БХӨЖ жыл сайынғы сессиясы жұмысын бастайды

Астана уақытымен сағат таңғы 7-де Аспанасты елінің астанасында 12-ші сайланған Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) 3-ші сессиясы жұмысын бастайды.

  • 5 Наурыз 2015
  • 428
Фото - Caravan.kz

Сессияны ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян ашып, үкіметтің 2014 жылғы жұмысы туралы баяндама жасайды, сондай-ақ заң шығарушыларға 2015 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын ұсынады.

Халық қалаулылары сондай-ақ өткен жылғы бюджеттің орындалу қорытындысымен танысады және ағымдағы жылға арналған оның жобасын бекітеді.

15 наурызға дейін созылатын сессия барысында халық қалаулылары Жоғарғы халықтық прокуратураның және Жоғарғы халық сотының баяндамамаларын тыңдайды, бірқатар заңдар қабылдайды, соның ішінде «Заңнамалық қызмет туралы» заң жобасы да бар.

БХӨЖ делегаттарының назары саяси-әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдетуге, сыбайлас жемқорлықпен күреске аударылады.  Мысалға, рұқсат беру рәсімдерін оңайлату, Шанхай еркін сауда аймағы тәжірибесін кеңейту, білім және зейнетақы жүйелерін жетілділу, халықты медициналық қамту, қоршаған ортаны қорғау және басқа да мәселелер қаралады.

Қытай үкіметі фискальдық реформалардың екі жылдық бағарламасын жасады, оның есебінен салық салу және жергілікті атқарушы органдарды қаржыландыру жақсара түспек.   



БХӨЖ сессиясы «Бкр белдеу — бір жол» халықаралық жобасын талқылайды, онда Қытай ұсынған «жаңа норма» жағдайында экономиканы құрылымдық өзгерту мәселелері қаралады.

Еске сала кетейік, 2013 жылы күзде Қазақстан мен Индонезияға сапарлары кезінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Жібек жолының экономикалық белдеуін" және «ХХІ ғасырдағы Теңіз Жібек жолын» бірлесе отырып қалыптастыру бастамасын ұсынған болатын.

БХӨЖ сессиясымен қатар дәстүрлі түрде Бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңесі өтеді. ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы  Ли Кэцян  екі сессияның қорытындысымен 15 наурыз баспасөз мәслихатын өткізеді.