Бұл туралы Орталық сайлау комиссисының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлімдеді.
Бүгін, 5 наурызға шаққанда президенттікке кандидат ретінде тоғыз адам өтініш білдірді», — деп ол бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Б.Мелдешовтың айтуынша, тоғыз үміткердің сегізі өзін өзі ұсынғандар және біреуі Коммунистік халықтық партиядан ұсынылған.
Кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірге белгіленген.