Оңтүстік Кореяда АҚШ елшісінің бетін ұстарамен тіліп жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда АҚШ елшісінің бетін  ұстарамен  тіліп жіберді

Оңтүстік Кореяда АҚШ елшісінің бетін ұстарамен тіліп жіберді

Бүгін Оңтүстік Кореяда АҚШ елшісіне шабуыл жасалды. Марк Липперт Сеулде өтуі керек болған жиынға бара жатқанда, белгісіз біреу ұстараның жүзімен бетінен тіліп жіберген.

  • 6 Наурыз 2015
  • 350
Фото - Caravan.kz

Өткір зат дипломаттың білегін де жаралады. Шабуыл жасаған азамат ойын іске асырып жатқан сәтте «Солтүстік және Оңтүстік Кореялар бірігуі керек»-деп айғайлаған. Ол 31 жастағы жергілікті тұрғын екен. Тәртіп сақшылары қаскөйдің бірден қолына кісен салып алып кетті. Ал елші ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп жоқ. Айта кетейік, АҚШ пен Оңтүстік Корея осы аптада бірлескен әскери жаттығу өткізіп, Солтүстік Кореяның наразылығын тудырды. Осы жайт екі Кореяның бірлігін қалаған әлгі азаматқа ұнамаса керек.