Виктория Ганяны өлтірген қаскөй өмір бойына сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Виктория Ганяны өлтірген қаскөй өмір бойына сотталуы мүмкін

Виктория Ганяны өлтірген қаскөй өмір бойына сотталуы мүмкін

Қостанайда Виктория Ганяны өлтірді деп айыпталған Денис Лесников өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін. Бүгінгі сотта мемлекеттік айыптаушы күдіктіге осындай жаза кесуді сұрады.

  • 6 Наурыз 2015
  • 215
Фото - Caravan.kz

Процесс екі ай бұрын басталған. Алайда ол жабық өтіп, журналистердің кіруіне рұқсат етілген жоқ. Басты күдікті Денис Лесниковқа жалпы 4 адамды өлтіріп, ұрлық және зорлық жасады деген айыптар тағылған. Бірақ 31 жастағы айыпталушы тек Викторя Ганяны өлтіргенін мойындапты. Өзге тағылған айыптарды жоққа шығарған. Былтыр сәуірде Рудныйда 7 жасар Виктория із-түзсіз жоғалған еді. Бір ай бойы оны бүкіл полиция мен мыңдаған ерікті іздеп, ақыры қала шетіндегі ескі ғимараттардың бірінен өлі денесін тапты. Бүлдіршінді зорлап, сосын азаптап өлтірген.