21 жастағы Жохар Царнаев жарылғыш құрылғыны іске қосқаны және кейін полицейді өлтіргені үшін бірден 30 бап бойынша айыпталуда. Кінәсі толық дәлелденсе, өлім жазасына кесілуі мүмкін. Ал егер ағасы Тамерланның оны мәжбүрлегені нақтыланса, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылмақ. Алғашқы сот отырысына жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстары қатысуда. Алқа билер құрамында 18 адам бар. Оның 10-ы әйел. Сот процесі кемінде 4 айға созылуы мүмкін. Себебі көрсетілетін айғақтарды жеткізу мен таныстырудың өзі ұзақ уақыт алады. Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы сәуір айында АҚШ-тың Бостон қаласындағы марафон кезінде жарылыс болып, 3 адам көз жұмған. Тергеу барысында бұған ағайынды Царнаевтардың қатысы бары анықталды. Үлкені Тамерлан тұтқындау кезінде қаза тапса, кішісі Жохар тірідей қолға түсті. Олардың сыбайласы ретінде қазақ студенттері Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың да істі болып жатқанын айта кетейік. Алдағы сот отырыстарында оларда да жауап алынады. Царнаевпен бірге бұл екі отандасымыздың да ұзақ уақыт бостандық көрмеуі әбден мүмкін.